Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу жөніндегі заң жобасы таяу арада үкіметке ұсынылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев. Жұма күні конференцияда сөз сөйлеген ол, мемлекет алдында тұрған мәселелердің бірі, дәрі-дәрмектердің бағасы екенін айтып өтті.

1899991

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Нұртаев, Қазақстанда жекеменшік дәріханалардың саны өте көп екенін атап өтті.

“Бүгінгі таңда елімізде 10 мың дәріхана, сегіз мың атаулы дәрі-дәрмек түрлері тіркелген. Яғни, іс жүзінде дәрі-дәрмек қажеттілігі біршама шешілген”, — деді Нұртаев.

Осындай жағдайда дәрі-дәрмектің өндірушілері өздері қалаған бағаны орнатады. Осының арқасында өндіруші маркетингке жұмсалатын бюджет көлемін де арттыра алады.

Маман өз сөзін “Мысалы, дәріханалар өздерінің кіріс көлемін еш бақылаусыз, еш шектеусіз орнату құқығына ие. Әлдекімдердің айтуынша, бұл нарықтық қатынас, экономика заңдылығы болуы да мүмкін. Біз онымен толығымен келісеміз. Дегенмен, кейбір дәріханалар нарықтық қатынастарға қарамастан, кей жағдайда 200, және 300% көлемдегі үстеме баға қосады”, — деп жалғастырды.

Оның берген мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы басқа мемлекеттерден, мысалы, Шығыс Еуропа және ЕАЭО елдерімен салыстырғанда әлдеқайда қымбат.

“Көпшілік, Қазақстан Еуропадан алшақ орналасқан, логистикалық байланыс қымбат, дейді. Алайда, Еуропадан орналасу қашықтығы Қазақстанмен сәйкес келетін мемлекеттерде баға көлемі арзан болып келеді”, — деді Нұртаев.

Осыған байланысты фармация комитеті республикадағы дәрі-дәрмек бағасын реттеу бойынша өзіндік жоба дайындады.

“Бүгінгі таңда заң жобасы мемлекеттік органдардың қарастырылуында және таяу арада премьер-министрдің, ҚР үкіметінің кеңсесіне ұсынылады”, — деп хабарлады комитет өкілі.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Дәрігерлер Астанада көлік астына түскен оқушы қыздардың жағдайын айтты

15 жыл бойы төсекке таңылған Алматы облысының тұрғыны халықтан көмек сұрайды

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін кесіп алған дәрігерлер жазадан сытылып кетті

Талқылау