Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы дәмханаларда 10% қызмет көрсету ақысы қандай жағдайда төленетіні белгілі болды

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстандағы мейрамханалар мен дәмханаларда келушілерге қызмет көрсеткені үшін 10% төлем алу тәжірибесінің заңдылығын, сондай-ақ депозиттік жүйе мәселелерін талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Министр Қазақстанның Азаматтық кодексіне сәйкес, қоғамдық тамақтану саласында ас мәзірін ұсыну жария оферта болып табылатынын, сәйкесінше, қызмет көрсету үшін ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпарат ас мәзірінде көрсетілуге тиіс екенін еске салды. Егер ондай ақпарат болмаған жағдайда төлемақы алу заңсыз болып есептеледі.

“Келушілерге қызмет көрсеткені үшін заңсыз ақы алуды болдырмау үшін Ішкі сауда ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді мейрамханалар қызмет көрсету ақысын тек мәзірде көрсетілген жағдайда ғана ала алады. Сондай-ақ "депозиттік жүйеге" тыйым салатын ережелер айтылды. Келушілер үшін кіру тегін болып қалады, алайда қосымша қызметтер үшін, мысалы, VIP-кабина, караоке-кабина үшін ақы алуға болады”, – деп мәлімдеді министрлік.

Тәуелсіз рестораторлар одағының төрағасы Радован Симоновичтің пікірінше, нарық қажетті процестерді реттейді, бірақ сауда министрлігінің осы нарықтың нақты ережелерін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

“Біз мемлекет тарапынан реттеу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау үшін қажет екенін түсінеміз. Сауда министрлігі бизнестің де, тұтынушылардың да ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Нарық 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп, тұрақты өсім көрсетіп келеді, бұған мейрамханалар мен дәмханалар санының жыл сайын артуы себеп. Көптеген кәсіпкерлер клиенттерге қызмет көрсеткені үшін қосымша 10% алым туралы ақпаратты көрсетеді", –  деді Радован Симонович.



Қоғамдық тамақтандырудың өзін-өзі реттейтін ұйымының төрайымы Вероника Нұрпейісованың айтуынша, көпшілік оферта ережесіне сәйкес мейрамханалар мен дәмханалар мекемеге кірген кезде қызмет көрсеткені үшін алым төлеу қажеттігі туралы келушілерді хабардар етеді.

“Сонымен қатар ол "егер кәсіпкерлердің өздері қызмет көрсеткені үшін 10%-ын жинап, құнын белгілесе, мысалы, қызмет көрсетусіз - 5500 теңге, ал көрші мекемеде қызмет көрсетумен - 5000 теңге болса, іс жүзінде баға бірдей болып қалады. Бұл жағдайда даяшы шайпұл талап ете алмайтынын түсіну маңызды", – деді Вероника Нұрпейісова.

Еске салайық, Қазақстанда дәмхана мен мейрамханаларға қызмет көрсеткені үшін 10% ақы алуға тыйым салынатыны туралы жазған едік. 

Талқылау