Қазақстанда блогерлер салық төлей ме: Министрлік жауап берді
Қазақстанда блогерлер қандай тәртіппен салық төлейтіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Adobe Stock
Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті арнайы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейтін блогерлерге салық салу қалай жүргізілетінін айтып берді.
Оның айтуынша, интернет-платформаларда жұмыспен қамту аясында жеке тұлғалар 33 қызмет түрін атқара алады. Алайда әлеуметтік кодексте белгіленген интернет-платформа ұғымында әлеуметтік желілер жоқ, сондықтан блогерлер қазір мемлекеттік кірістер комитетінің құзырында емес.
"Өлім мен салықтан ешкім қашып құтылмайды": Қаржы министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
"Бұл Яндекс, Glovo және Wolt сияқты интернет-платформаларды қамтиды, бұл жерде кіріс интернет-платформаның өзінде емес, жарнама берушілерден келеді. Қазір бұл мәселе де реттеліп, блогерлерге сараптама жасалып, халықаралық тәжірибелер де зерттелуде", – деді Ерқанат Шынберген.
Оның айтуынша, Қазақстанда блогерлердің барлығы дерлік жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.
"Тағы бір мәселе - олар өз кірістерін толық көрсете ме? Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Барлығында тіркеу бар, өйткені олар тіркелуге міндетті. Бірақ, бұл интернет-платформалар сияқты бөлек сегмент емес, жалпы бизнес ретінде жүреді. Бұл бөлек реттелмеген, "онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заң бар, онда салық туралы емес, тек қызмет туралы айтылады", – деді министрлік өкілі.
Еске салсақ, бұаған дейін Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңа салық кодексі іске қосылатыны туралы жазған едік.