Қазақстанда бизнеске арналған дауыстық АІ-ассистент қолжетімді болды

Freedom Bank журналистерге қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа цифрлық сервисті ұсынды. Freedom АІ дауыстық-ассистенті енді Freedom Business қосымшасында қол жетімді.
Дауыстық AI-ассистент компания иелерінің уақытын үнемдеп, күнделікті күйбең жұмыстан босатады және, мысалы, салық төлеуге көмектесе алады. Ассистент қазақ және орыс тілдерінде барлығы 119 команданы орындайды. Енді кәсіпкерлер дауыстық пәрмен көмегімен өз шоттары арасында ақша аударымдарын жасай алады, депозиттен қаражатты толықтыра немесе шешіп ала алады, ай сайынғы кредит төлемдерін жасай алады, қызметкерлерге жалақы төлей алады, контрагенттерге шот-фактура жасай алады және тағы басқа да көптеген операцияларды орындай алады. Жобаны жүзеге асыру үшін банктік операциялар жасанды интеллект көмегімен цифрландырылды. AI-ассистент Тимур Турловтың дауысымен сөйлейтінін айта кету керек.

Сонымен қатар, Freedom Business Қазақстандағы барлық жеке кәсіпкерлер үшін ChatGPT-ке тегін қол жеткізуді ұсынады. Енді Freedom Business қосымшасына кірген әрбір кәсіпкер танымал нейрондық желінің жетілдірілген функционалдығын қолдана алады. Бұл ШОБ үшін бизнес-процестерді оңтайландыруға, бірқатар күнделікті міндеттерге ақша мен уақытты үнемдеуге, бизнесті дамытудың кәсіби болжамдарын құруға, өз гипотезалары мен модельдерін тексеруге, бизнес-кейстерге енуге және тағы басқаларға үлкен мүмкіндік.
Әзірлеушілер пайдаланушылардың цифрлық көмекшімен сөйлесуге деген қызығушылығы артып келе жатқанын, сондықтан функционалдылық белсенді түрде кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Freedom AI - ассистенті банк өнімдері бойынша кеңес беру бағытында да дамиды – шоттарды ашу және карталарды ресімдеу кезінде көмек көрсетуден бастап кредиттер мен салымдардың шарттарын түсіндіруге дейін. Клиенттер диалог форматындағы FAQ бөлімінен қызметтер, тарифтер және танымал сұраулар туралы сұрақтар қоя алады.

AI-ассистент Freedom Bank деректерді өңдеу орталығының қорғалған инфрақұрылымына интеграцияланған. Бұл шешім клиенттердің барлық деректерінің банк жүйесінің қауіпсіз контурында сақталуын және сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді. Жаңа функциялар енгізілгеннен кейін қосымшаны күнделікті пайдалану уақытының орташа көрсеткіші өсуді жалғастырып келе жатқанын атап өту қажет.

Банк сервистерінде AI технологиясын енгізудің келесі кезеңі - осындай қызметтерді Freedom SuperApp қосымшасына интеграциялау болмақ. Келесі жылдың басында Freedom Bank-тің жеке клиенттеріне Freedom AI-ассистенті мен ChatGPT интеграциясы қолжетімді болады. Қазір бұл қызметтер жабық сынақ режимінде жұмыс істеп тұр. Бұл мүмкіндік банк клиенттеріне тек қаржылық операцияларды ғана емес, сонымен қатар, мысалы, билет сатып алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, азық-түлікке тапсырыс беру және басқа да көптеген әрекеттерді дауыстық пәрмен арқылы орындауға мүмкіндік береді.
25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы
Қазақстандықтар туыстарын асырауға мәжбүр екенін айтты: Ойлануға тұрарлық оқиғалар