Қазақстанда бірге ұшатын жолаушылардың жүктерін біріктіруге рұқсат беру ұсынылды
Фото: pixabay.com
Қазақстанда бірге ұшатын жолаушыларға жүктерін біріктіруге рұқсат беру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр депутаттық сауалға жауабында мәлімдеді.
Қазіргі уақытта әуе компаниялары жалпы жүк салмағы рұқсат етілген нормадан аспаса да, қосымша ақы талап етеді. Артық жүк үшін төлем 40 мың теңгеге дейін жетеді.
Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың жүк тасымалдау ережелеріне жиі шағымданып жүргенін айтты.
Отбасы мүшелері, достар, таныстар бірге үшқан жағдайларда жүктің жалпы салмағы бірнеше адамға белгіленген шектен аспаса да, әуе компаниялары қосымша ақы талап етеді. Кейде бұл төлем 40 мың теңгеге дейін жетеді. Мұндай шарт тек қана жүкке қатаң талап қоятын лоукостерлер ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі әуе компанияларында да бар. Депутаттардың айтуынша, мұндай жағдайларда әуе билеттерінің құны 15–20 пайызға дейін қымбаттайды.
Депутаттардың пікірінше, әуе компанияларының жүк нормаларын біріктіруден бас тартуы – жолаушылардың құқықтарын бұзады және қажетсіз қаржылық салмақ түсіреді. Олар бұл мәселеге көлік прокуратурасы да назар аударғанын, бірақ ережелерге әлі де өзгерістер енгізілмегенін алға тартады.
Алматы әуежайында “иә” сөзін айтқаны үшін ер адамға айыппұл салынды
Осыған байланысты мәжілісмендер келесі ұсыныстарды жасады:
– нормативтік құқықтық актілерде (оның ішінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында) бір билет бойынша сапар шегетін жолаушылардың өзара жүк нормаларын біріктіру құқығын заңмен бекіту. Мұндай тәжірибе ішкі және халықаралық рейстерде жұмыс істейтін барлық әуе компаниялары үшін міндетті болуы тиіс.
– көрсетілген талаптардың орындалуын бақылауды орнатып, әуе компаниялары тарапынан оларды орындамау, асыра пайдалану немесе адал емес тәжірибелер үшін жауапкершілік (санкциялар) енгізу.
– тасымалдау қағидаларына әуе компанияларын билет брондау кезінде жүк нормаларын біріктіру мүмкіндігі туралы жолаушыларға ақпарат беруге міндеттейтін норманы енгізу.
– халықаралық тәжірибеге сәйкес заңнаманы зерттеу.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр билік өкілдерінің халықаралық тәжірибені зерттеп жатқанын және тепе-тең тәсіл әзірлеуге дайын екенін растады. Оның айтуынша, жүкті біріктіруге заңмен тікелей тыйым салынбаған, алайда әуе компаниялары өз ережелерін өздері белгілейді.
“Қазіргі уақытта көлік министрлігі отандық әуе компанияларымен бірлесіп, халықаралық тәжірибені, Еуропалық Одақ, АҚШ және басқа елдердің заңнамасын, сондай-ақ Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ұсынымдарын зерделеуде. Анализ нәтижесінде жолаушылардың мүдделері мен әуе компанияларының өндірістік және коммерциялық ерекшеліктерін ескеретін теңгерімді тәсіл әзірлеу жоспарланып отыр. Сондықтан, қазіргі заңнамада жүк нормаларын біріктіру қарастырылмаған және ол әрбір әуе компаниясының ішкі ережелерімен реттеледі. Сонымен қатар, егер жүргізіліп жатқан талдау нәтижесінде мұндай өзгерістердің орынды екені расталса, көлік саласындағы уәкілетті орган тиісті заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бастамасын көтеретін болады”, – деп жауап берді Скляр.
Еске салсақ, осыған дейін депутат Fly Arystan әуе компаниясының билет бағасын төмендетуді талап еткен.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
