Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір жылда 40% қытайлық автокөліктер сатылды, бірақ олар танымал үштікке ілінбеді

Фото: changan-auto.kz

Қазақстан автомобиль одағының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда сатылған автокөліктердің 39%-ы қытайлық брендтер болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтар 234 852 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатып алған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артық. Екінші (сәуір–маусым) және төртінші (қазан–желтоқсан) тоқсанда ең көп сатылым көп болды. Ал желтоқсанда үшінші жыл қатарынан айлық сатылым бойынша рекорд жаңарды.

“Желтоқсан қорытындысы бойынша сатылған әрбір 10 жаңа автокөліктің сегізі отандық өндіріс. Ал жыл қорытындысында ең танымал топ-10 модельдің барлығы Қазақстанда шығарылған”, — деді Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева.



Нарықта 75-тен астам автокөлік бренді ұсынылған. Олардың алғашқы ондығы барлық сатылымның 80%-ын қамтамасыз етіп отыр. Қытайлық маркалардың үлесі өткен жылғы деңгейде сақталды, 39% болды.

  • Hyundai – 50 868 автокөлік (+2024 жылмен салыстырғанда 15,4%);
  • Chevrolet – 38 880 (+25,7%);
  • Kia – 23 402 (+1,5%);
  • Chery – 14 570 (–2,1%);
  • Jetour – 14 507 (+52,6%);
  • Haval – 11 688 (+6,4%);
  • Toyota – 11 338 (+2,7%);
  • Changan – 11 260 (+32,3%);
  • JAC – 10 330 (–12,2%);
  • Geely – 9 621 (+16,6%).

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі саланың бүкіл тарихындағы рекордтық нәтиже көрсетті. Елдегі автозауыттар 171 мыңнан астам автокөлік шығарды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 19 Қаңтар, 2026 14:53