Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу 50%-ға қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу 50%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

пәтер

Республика бойынша бір жыл ішінде тұрғын үйді жалға алу бір жарым есеге, яғни 47,2%-ға қымбаттады.

Қыркүйек айында Қазақстанда 1 шаршы метр тұрғын үйді жалға алудың орташа мөлшері 4612 теңге, ал бір ай бұрын 4029 теңгені құрады.

"Өсім – 14,5%. Бір ай бұрынғы көрсеткіш 12,4%-ды құрады", – дейді сарапшылар.

Пәтер жалдау құны ең қымбат қала – Алматы. Бір шаршы метр үшін 5611 теңге, тамыз айында ол 4920 теңге болды. Жалға алу құны бір айда 14% - ға қымбаттаған.

Сонымен қатар, Ресеймен шекаралас қалалардың пәтер жаладу бағасы бір айда шарықтаған.

"Қостанайда бір айда баға 42,6%-ға, Петропавлда 27%-ға өсті", – дейді сарапшылар.

Жалдау бағасы Түркістанда айтарлықтай өскен жоқ. Жалдау құны 0,6%-ға артты.

Одан бөлек, Талдықорғанда 3,5%-ға, Шымкентте 3,9%-ға және Қызылордада 4,3%-ға қымбаттады.

Талқылау