Қазақстанда бір отбасындағы әрбір оралманға жәрдемақы төленетін болды
Қазақстандық шенеуніктер оралмандардың азаматтық алу мерзімін ұзартқысы келеді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Фото: ult.kz
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымов көп адамның шектеулік мерзім ішінде қажетті құжаттарды рәсімдеп үлгермейтінін айтты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, оралмандар елге оралған соң бір жылдан кейін Қазақстан азаматы бола алады. Алайда көп оралман бір жыл ішінде құжат рәсімдеп үлгермейді. Сондықтан министрлік бір жылға тағы 3 ай уақыт қоспақ. Министрдің айтуынша, бұл уақыт жарты жылға кешіккен оралмандарға қатысты. Сонымен қатар биылғы жылы оралмандардың бір отбасына ғана емес, отбасындағы әрбір оралманға жәрдемақы төленбек.
«Бұл ереже оралмандарға ғана емес, көшіп келгендерге де қатысты. Заңда отбасы бар адамдарға жәрдемақы берілуі туралы жазылған. Алайда отбасы жоқ оралмандар мен көшіп келгендер де бар. Бұл келеңсіздікті жою үшін ережені қарастырып жатырмыз. Отбасы жоқ оралмандар мемлекеттік қолдауға сүйенуіне болады», – дейді Мадина Әбілқасымова.
Тағы оқыңыз: