Қазақстанда білім саласындағылардың ең төмен жалақы алатыны анықталды
2017 жылғы үшінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 147 988 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,8%, ал нақты жалақы индексі 98,0% құрады.
Сурет: rferl.org
Бұл туралы Stan.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 272,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 271,1 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 215,7 мың теңге (1,5 есеге асты), өнеркәсіп саласында – 208,5 мың теңге (1,4 есеге асты), құрылыс саласында – 205,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 90,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,9%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 275,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 98,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,7%-ға төмен.
Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша
2017 жылғы 3 тоқсандағы орташа айлық жалақы
Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.
Жіберіп алмаңыз:
Қырғызстан бас тартқан $100 миллионның тағдыры не болады?
Елімізде келер жылдан бастап зейнетақы қаншаға өседі