Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда биылғы соңғы қоңырау басқа күнге ауыстырылды

Фото: t.me/oqu_agartu

Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді.

“Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні – 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде "Білімім — Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл – бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызық сәттерді бірге еске алады.

Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі – болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі”, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі.

“Сондай-ақ барлық оқушы үшін тең жағдай мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектеп форматынан тыс, сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы да еске саламыз”, – деп ескертті ведомство өкілдері.

Айнұр Мұхади
Жұма, 02 Мамыр, 2025 12:12
Талқылау