Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда биыл мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 150%-ға дейін өседі

Қазақстанда биылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы өседі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

зарплата

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшеді.

"Бұл жалақы жүйесі әдеттегі механикалық жалақыны көтерумен байланысты емес. Бұл мүлдем жаңа институционалдық құрал, онда біз мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеу тәсілдерін қайта қараймыз", - деді Жарқын Тілеукенов

Спикер егер ескі жүйе бойынша жалақы деңгейі атқаратын лауазымының деңгейіне байланысты анықталса, жаңа жүйе лауазымның маңыздығын ескеретінін атап өтті. 

"Яғни, осы лауазымда тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттердің қаншалықты және қандай спектрі мен сапасы, өкілеттіктер шеңбері, жауапкершілік шеңбері қажет. Бұл лауазымдар өзара салыстырылады, нәтижесінде "бірдей еңбекке – бірдей төлем" қағидаты іске қосылады", - деп түсіндірді директор.

Жарқын Тілеукенов айтуынша, сараланған еңбеақы жүйесі 2018 жылдан бері ілкі жоба ретінде қолға алынып, тиімділігін дәлелдепті.

"Бүгінде "бірдей еңбекке – бірдей төлем" қағидаты бойынша бөлу жобасы әзірленді. Енді лауазымдарды блоктар бойынша бөлу әдістемесі жасалып жатыр. Яғни, маманның лауазымы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты әсер ететітіні сараланады. Стратегиялық лауазымдар блогы болады, одан бөлек мемлекеттік органның қызметін техникалық тұрғыда сүйемелдейтін лауазымдар бар. Осы блоктардың қайсысында жұмыс істегеніне қарай еңбекақы мөлшері сараланып белгіленеді.

Жалақының номиналды мәні бойынша есеп айырысуды қазір уәкілетті органдар жүзеге асырады.

"Негізгі күш ауылдық және аудандық деңгейдегі қызметкерлердің еңбекақысындағы алшақтықты қысқартуға салынады. Жалпы жүйе бойынша алсақ, алдын ала болжанып отырған өсім 150-ден 30%-ға дейін", - деді Жарқын Тілеукенов.

Талқылау