Конститутцияның 30 жылдығына рақымшылық: Қазақстанда 2 мыңнан астам сотталғандар бостандыққа шықты

Фото: freepik.com
2025 жылғы рақымшылық туралы заң бойынша екі мыңнан астам сотталғандар бостандыққа шығып, 15 мыңнан астам адамның жазасы жеңілдетілді. Рақымшылық Конститутцияның 30 жылдығына орай қолданылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, соттар шамамен 16 мың ұсынысты қараған. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен екі мыңнан астам адам босатылып, тағы 11 мыңнан астамының бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылған.
Амнистия пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдарға да қатысты болды. Жазадан 2888 адам толық босатылып, шамамен 7600 сотталғанның мерзімі қысқартылды.
Ведомство нақтылағандай, амнистия ең алдымен әлеуметтік осал санаттарға – кәмелетке толмағандарға, балалы әйелдерге, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және мүгедектігі бар азаматтарға қолданылды. Бұл онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстарға қатысты болды. Ал ауыр күш қолданумен байланысты, террористік және сыбайлас жемқорлық қылмыстар рақымшылыққа ілінген жоқ.
-
Мәжіліс депутаттарының бұрын сотты болғаны туралы ақпарат тарады
-
ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заң: Қазақстандықтар қандай әрекеті үшін жазаланады
Заң 2025 жылдың маусым айында күшіне енді. Бостандыққа шыққандардың барлығы пробациялық бақылауда және полицияда жеке есепке қойылған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, рақымшылық пенитенциарлық жүйеге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп, адамдарды қоғамға бейімдеу мен қалыпты өмірге қайта оралтуға бағытталған гуманды қылмыстық саясатқа жасалған қадам болды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді