Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және автокөлікпен алма әкелуге тыйым салынды

Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және автокөлікпен алма әкелуге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж: Stan.kz

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. 

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету назарға алынды. Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

"Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл алманың жалпы жиналуы 300 мың тонна деңгейінде болжанып отыр. Жеміс-жидек өндірісінің мұндай көлеміне өткен жылдары бағбандық өсіру үшін көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді. 2024 жылы алма бақтарының толық жеміс беруі және өнімділікті 18%-ға арттыру жоспарлануда. Бұл ішкі нарықтың қажетін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада.


Қазақстанда жанармай экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылады


Сондай-ақ ВАК отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен жүктеу мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына ЭСА белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi.

Талқылау қорытындысы бойынша қаржы министрлігінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдар "Атамекен" ҰКП және мүдделі қауымдастықтармен бірге жаңа салық кодексінің ережелерін ескере отырып пысықтайды деген шешім қабылданды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан аумағына шет елдерден бидай әкелуге тыйым салынғанын жазғанбыз.

 

Талқылау