Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бензин бағасы тағы да көтеріледі

Қазақстанда бензин бағасы тағы да көтеріледіФото: depositphotos.com

Қазақстанда бензин бағасы тағы да көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір арзан жанармай көлеңкелі жолмен өзге елдерге шығарылып жатыр. Сондықтан, бензин мен дизель отынының құнын көрші елдердегі бағамен теңестіру қажет.


“Бензинді канистрге құйып алған”: Қазақстандық жанармай бекеті қызметкерінің әрекетіне шағымданды (видео)


Сондай-ақ вице-премьер өндірісті ұлғайту жайы да қарастырылып жатқанын жеткізді. Нақтырақ айтсақ, Шымкент мұнай өңдеу зауытының екінші кезеңін салу жоспарланып отыр. Яғни, мұнай өңдеу көлемі екі есеге, 6 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға дейін өспек. Бұдан бөлек, Павлодар және Атырау зауыттарының қуатын арттыру бойынша бірқатар шаралар қолға алынбақ.

Айта кетейік, қазір жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 205 теңге көлемінде, ал АИ-95 244–264 теңге шамасында сатылып жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы энергетика министрі де Қазақстандағы бензин бағасы көрші елдермен теңесетінін айтқан еді. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 21:07
Талқылау
`