Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бензин арзандауы мүмкін

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасына қатысты кезекті рет екіұшты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше. Қазақстан ОПЕК-ке мүше болмаса да, көппен бірге өндірісін қысқартқан, деп хабарлайды КТК.

Соның арқасында қазір әлемде мұнай бағасы салыстырмалы түрде жоғары, барреліне 62-63 долларда тұрақтапты. Алайда, Қазақстан қажет деп шешкен күнде халықаралық ұйымға өтініш білдіріп келісімді бұза алатын көрінеді. Министр қазақстандық мұнайшылар өнімін сыртқа аталған бағамен сатып, өз зауыттарымызға 20-30 доллардан беріп қып-қызыл шығынға батып жатыр дейді. Сондықтан, экспорттық бағалар өссе, іштегі баға да іле өзгеруі мүмкін. Бірақ өсімді елемей, Бозымбаевтың болжамы бойынша бензин бағасы төмендеуі тиіс.

“Біз жақын күндері мұнай зауыттарымен жиналып, бағаларды қараймыз. Егер мұнайдың экспорттық кұны өссе, оның соңынан ішкі нарықтағы баға да қымбаттайды. Бірақ жыл соңына дейін 25 күн қалды, менің ойымша бензин бағасы өспеуі тиіс. Төмендеуі мүмкін бе дегенге келсек, иә, мүмкін”, – дейді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Оқи отырыңыз:

Алматыда іздеуде жүрген күдікті апалы-сіңілі екі әйелді жауыздықпен өлтіріп қашып кеткен

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Талқылау