Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Банкоматтар түсірген фото-видеоларды сақтау мерзімі ұзартылады: Қазақстанда банктерге жаңа талаптар енгізілмек

Қазақстанда банктерге жаңа талаптар енгізілмек. Ұлттық банк тиісті түзетулер жобасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Банктер мен басқа да ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігі мен үзіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды реттейтін құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат 6 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Құжат бір сағаттан астам уақытқа созылатын ақпараттық жүйе жұмысындағы ақаулар туралы банктердің хабарлау уақытын қысқартуды ұсынады. Қазіргі уақытта қаржы институттары клиенттердің банктік қызметтерге қол жеткізуіндегі ақаулар туралы үш сағаттан астам уақытқа созылғанда хабарлайды. 

"Егер банктің ақпараттық жүйесінің жұмысында ақау орын алса, жұмыстан тыс уақытта орын алған ақау жағдайында банк Ұлттық банкке ақау орын алған күннен кейінгі күні Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден кешіктірмей хабарлайды", – делінген құжатта.


"Банкомат алдында кезекте тұрғандардан ақша алмаңыздар": Заңгер қазақстандықтарға алаяқтықтың тағы бір түрі туралы ескертті


Сондай-ақ Ұлттық банк есірткі бизнесімен және алаяқтықпен күрес аясында банкоматтардағы фото және видеоматериалдарды сақтау мерзімін 60 күннен 180 күнтізбелік күнге дейін ұлғайтуды ұсынды.

"Егер төлем картасының иесімен қызмет көрсетуші банктің банкоматын пайдалануға қатысты дау туындаса, камера түсірген суреттерді сақтау мерзімі дау шешілгенге дейін ұзартылады", – делінген құжатта.

Еске салсақ, бұған дейін банктер қазақстандықтардың жеке мәліметтерін сатып жібергені туралы жазған едік.

Талқылау