Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектейтін заң жобасы талқыланып жатыр

Фото: freepik.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева президенттің құрылтайдың V отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің сөзінше, Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын ескеріп, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғасады.

“Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен масс-медианың қызметін реттейтін заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеген. Бұл өзгерістер сараптамалық бағалаудан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылады”, – делінген хабарламада. 


"Балалардың 88%-ында смартфон бар": Қазақстанда әлеуметтік желіні қолдануға жас шектеуін енгізу мәселесі тағы да көтерілді


Әлеуметтік желілерге тыйым салынуы, премьердің отставкасы: Непалда "Z ұрпақ" үкіметті не себепті құлатты


Сондай-ақ министр жас шектеулерін бұзу жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.

“Оқу-ағарту министрлігі және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін әзірлеу және жауапкершілік шараларын қарастыру жоспарланып отыр”, – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда балалардың желілерге тіркелу жасына шектеу жасау ұсынылған еді. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 12:02