Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстанда балаларды қауіпті контенттен қорғайтын SIM-карта іске қосылды

Алматыда цифрлық кеңістіктегі балаларды қорғау пилоттық жобасы басталды. Оның негізінде балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғайтын "SIM KIDS" арнайы SIM-картасы іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, жаңа SIM-карта TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп әзірленген. 

“Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған SIM -карта. Оның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылай алады. Зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады”, – дейді бас прокурор.



Бас прокурордың сөзінше, жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл SIM-карта баршаға қолжетімді болады дейді.

“Бала цифрлық кеңістікте суицидке итермелейтін қауіпті ойындардан, құмар ойындарға тәуелділіктен, психикасына зиян келтіретін және отбасылық тәрбие мен құндылықтарға деген көзқарасын бұрмалауы мүмкін кез келген жағымсыз контенттен қорғалуы тиіс. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі отбасындағы көңіл бөлуден басталады”, – дейді Асылов.

Сондай-ақ ол ересектер балалардың көңіл күйіндегі, ортасындағы өзгерістерге сезімтал болуы керек дейді.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылған  еді.  Министрлік мәліметінше, бұл шара ата-аналардың балаларын бақылауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар балалардың суицид, зорлық-зомбылық және буллингке қатысты қауіпті контенттерге қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 19 Сәуір, 2025 12:33
Талқылау