Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балаға анасының ұлтын беру мәселесі қаралады

Қазақстанда балаға анасының ұлтын беру мәселесі қараладыФото: depositphotos.com

Қазақстанда балаға анасының ұлтын беру мәселесі қаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. 

"Бұл мәселені нақты ұсыныстарға сәйкес конституциялық сотпен бірлесе қарайтын боламыз. Мысалы, баланың ұлты әкесінің ұлты бойынша берілетін жағдайлар болды, және бұған қатысты мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланды. Қандас мәртебесін рәсімдеу кезінде бір қыз хабарласып, оның анасы қазақ екенін, сондықтан өзінің ұлтын қазақ ретінде көрсетуді сұраған. Сондықтан бұл мәселені конституциялық сотпен және мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырамыз, себебі бұл ішкі істер министрлігінің құзыретіне жататын мәселе", – деді Жақыпова.

Министр балаға анасының ұлтын беру мәселесі тек қандастарға ғана емес, кең ауқымды қолданылуы мүмкін екенін атап өтті.

Дана Русланқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 19:40
Талқылау