Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бала жоспарлап жүрген әйелдер 12 базалық зерттеуден өте алады

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "Аналар саулығы"арнайы бағдарламасы бекітілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәліметтерге сенсек, Аналар саулығы"арнайы бағдарламасы әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлауға өркениетті және ақылға қонымды тәсілі ретінде жүзеге асырылып отыр. 

Бағдарлама шеңберінде елде алғаш рет жүктілікті жоспарлайтын фертилдік жастағы әйелдер (Бала тууға биологиялық мүмкіндігі бар жастағы әйелдер) мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 12 базалық зерттеп-қараудан өтеді. Патология анықталған кезде әйелдерге сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.

"Маңызды бағдарламаның іске асырылуын тиісті бақылауға алуды және осы жылдың соңына дейін 50%-ға дейін прегравидарлық дайындықпен (бұл әйелдің де, ер адамның да денесін жүктілікке алдын ала дайындау процесі) қамтуды қамтамасыз етуді сұраймын. Атап айтқанда, әйелдердің арасында сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі байқалатын өңірлердегі жұмысты күшейту қажет", – деді ведомство басшысы өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына сөйлеген сөзінде.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда енді 50 жастан асқан ер адамдар жаңа скринингтен өтетінін жаздық.  Ер адамдарға мидың ультрадыбыстық доплерографиясы міндетті скринингі енгізіледі. Бұл инсульт және басқа да цереброваскулярлық аурулар қаупін ерте анықтауға, сәтті емдеу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 2024 жылы ауқымды скринингтік бағдарлама аясында 3,2 миллионнан астам азамат тексерілгенін атап өтті.

Талқылау