Қазақстанда бағдаршамның қызыл түсіне өткендерге салынатын айыппұл мөлшері жарияланды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 2026 жылы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін салынатын айыппұл мөлшері жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылдан бастап Қазақстанда бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өтіп кеткені үшін салынатын айыппұл мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты көбейеді.
2026 жылы қазақстандықтар жиі төлейтін айыппұлдар көлемі өседі
Қазақстанда тоқтау сызығынан өтіп тоқтағаны үшін салынатын айыппұл сомасы аталды
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес, бағдаршамның тыйым салынған түсіне немесе реттеушінің тыйым салатын ишарасына қарамастан жолды кесіп өткен жүргізушілерге 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл салынады. Егер құқықбұзушылық алғашқы айыппұлдан кейін бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 15 АЕК-ке (64 875 теңгеге) дейін өседі.
Айта кетейік, қазір 1 АЕК мөлшері – 3 932 теңге, ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге болады.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев үш жылдық республикалық бюджетке қол қойған еді.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты