Айлық табысы 3 миллион теңгеден асатын жеке тұлғалар 15 пайыз жеке табыс салығын төлеуге міндеттеледі
Фото: freepik.com
2026 жылдан бастап айлық табысы 3 миллион теңгеден асатын жеке тұлғалар 15% жеке табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің мәліметінше, табысы 3 миллион теңгеге жетпейтін жеке тұлғалар табысынан 10% салық төлейді.
“2026 жылдың қаңтарынан бастап жалпыға бірдей салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарынан басқа жеке тұлғалардың барлығы тапқан табысынан (дивиденд түріндегі табыстан бөлек) прогрессивті шкала бойынша жеке табыс салығын төлейді. Бұл үшін табыс көлемі жылына 8500 АЕК-тен (2026 жылы шамамен 36 миллион теңге) жоғары болуы керек. Жылдық табысы бұл сомаға жетпейтіндер 10% көлемінде жеке табыс салығын төлейді. Ал табысы бұл шектен асқандардың барлығы 15% салық төлейді”, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Айгүл Аббасова.
Вице-министр пәтерін жалға беріп, бірақ салық төлемейтіндерді қалай анықтайтынын айтты
Комитет өкілінің айтуынша, жеке тұлға бір жылдағы табысының бәрін есептеуі қажет.
“Мысалы, бірнеше жерде жұмыс істейтіндер болады. Оларға бүкіл жұмысынан түсетін табыстың жылдық жиынтығын есептеу керек. Бір негізгі жұмысының сыртында шетелден табыс алатындар немесе қосымша кәсіпкерлікпен айналысатындар айлығынан тыс табысын жыл қорытындысында қосып есептейді. Прогрессивті шкала жеке тұлғаның таза табысына қолданылмайды. Салық жеңілдіктері есебінен шегерілген жеке табысының мөлшері есепке алынады”, – деді Айгүл Аббасова.
Еске салсақ, бұған дейін шотындағы ақша айналымы 2 миллион теңгеден асқан қазақстандықтарды салық органдары тексеретіні туралы жазған едік.
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді