Қазақстанда автокөліктерге жаңа типтегі нөмірлер енгізіледі: Бағалары белгілі болды
Фото: Колеса
Қазақстанда автокөлік иелері үшін ережелер өзгереді. Жаңа Салық кодексінде көлікке үшің мемлекеттік нөмір алу кезінде кез келген әріптер мен сандар комбинациясын таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасымен бірге барлық тіркеу нөмірлерінің бағасын есептеу үшін қолданылатын жаңа айлық есептік көрсеткіш (4 325 теңге) белгілі болды.
Ең қарапайым нұсқа стандартты нөмір бағасы – 2,8 АЕК, яғни 12 110 теңге болады.
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сияқты нөмірлер үшін 57 АЕК (246 525 теңге) төлеу қажет, егер осы сандарға бірдей әріптерді қосқыңыз келсе, сома екі есе өсіп, 114 АЕК (493 050 теңге) болады.
Ал 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 комбинациялары 137 АЕК (592 525 теңге) тұрады, егер әріптер де бірдей болса, онда 194 АЕК төлеуге тура келеді, бұл 839 050 теңге.
VIP нөмірлер болып саналатын: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777.секілді нөмірлердің бағасы 228 АЕК (986 100 теңге) деп белгіленген. Ал егер көлік иесі әріптердің де бірдей болуын қаласа, онда 285 АЕК төлеуі керек, бұл 1 232 625 теңге болады.
Әкімшілік полиция комитетінің хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағы бір мүмкіндік пайда болады. Көлік иелері кез келген сандар мен әріптер комбинациясын таңдай алады. Мысалы, 123AZA01, 321ERA02, 069ARA03 және т.б. Мұндай таңдау 10 АЕК, яғни 43 250 теңге тұрады.
Алайда бұл санатқа "элиталық" сериялар: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және бірдей әріптік белгілері бар нөмірлер кірмейді.

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
