Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда автожолдарға бірыңғай жөндеу мерзімдері енгізілмек

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда алғаш рет жолдардың бірыңғай жөндеу мерзімдері енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" барлық мердігерлер үшін міндетті болатын нормативтер жобасын әзірлеп жатыр.

Құжат авто жолдардың құрылымдық элементтерінің, соның ішінде жол бойындағы абаттандыру нысандарының құрылыс аяқталғаннан кейінгі және барлық түрдегі жөндеулерден (күрделі, орташа және ағымдағы) кейінгі пайдаланылу мерзімінің ең төменгі шегін белгілейді. Жаңа ереже республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға қатысты болады.


Президенттің көлік-логистика саласына сыны: Қазақстанда автожолдар қалай жөнделіп жатыр?


Бұған дейін жол саласында бірыңғай және нақты кепілдік мерзімдері болмаған. Кепілдік мерзімдері әр келісімшартта жеке белгіленіп, құқықтық белгісіздік тудырып отырған. Жаңа ереже құрылыс пен барлық жөндеу түрлерінен кейінгі жол жамылғысы мен жол бойындағы элементтерге міндетті жөндеу аралық мерзімдері мен кепілдік кезеңдерін белгілейді.

Жобаны дайындау барысында Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып жөндеу аралық мерзімдерді Еуроодақ, Қытай және ТМД елдерінің тәжірибелерімен салыстырылған.

“Алғаш рет жол бойындағы абаттандыру элементтерінің ұзақ қызмет ету мерзімдері бойынша нормалар енгізіледі. Бұл мерзімінен бұрын ауыстыруды болдырмай, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға жол ашады”, – делінген хабарламада. 

Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа ереже жол сапасын арттырып қана қоймай, қажетсіз жөндеулерді болдырмау арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Дана Русланқызы
Сенбі, 11 Қазан, 2025 11:58
Талқылау