Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады

Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады. Бұл кодекс бойынша шағын көлік жуу орындарынан бастап ірі зауыттар мен кемелерге дейін арнайы су пайдалану рұқсатын алуға міндетті. Бұл туралы кодекс бойынша жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев айтты.

“Ауыз суды пайдаланып, оны кәріз жүйесіне ағызатындарға жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Көлік жуу орындары тек айналымдағы су жүйесі болған жағдайда ғана жұмыс істей алады", – деді ол.



Кәсіпорындарға айналымдағы су жүйесін енгізу үшін екі жыл уақыт берілгенін Казанцев ерекше атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов биыл 11 ақпаннан бастап суды үнемді тұтыну мақсатында лимитті 4 деңгейлі тарифпен белгілеу енгізілетінін мәлімдеген еді. 

Талқылау