Қазақстанда ауылдардың арасындағы жолдарға асфальт төсеуге тыйым салынбақ

Қазақстанда шағын елді мекендерге апаратын жолдарды салу тәсілін қайта қарау жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, ауылдар арасындағы жолдарға асфальт төсемей, оның орнына сапалы қиыршықтас жолдарды салу көзделуде.
Қазақстанда ауылдардан шағын елді мекендерге баратын және шағын ауылдардың арасын жалғайтын жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 35 мың шақырымды құрайды екен. Министр осы жол учаскелеріне жауапты әкімдіктердің қымбаттығына қарамастан, көбіне асфальт жол салуға ұмтылатынын атап өтті.
"Асфальт жол қиыршықтас жолға қарағанда 6–10 есе қымбатқа түседі. Әкімдіктеп құрылысты бастайды, бірақ қаражат тіпті қиыршықтас жол салуға да жетпей қалады. Сондықтан қазір жаңа бұйрық дайындалып жатыр. Оған сәйкес, шағын елді мекендерде асфальттан гөрі барлық ауылдарға сапалы, талаптарға сай салынған қиыршықтас жол салынғаны жөн", – деді министр.
Министр ауылдық жерлердегі асфальт жолдарды күтіп-ұстау мәселесіне де назар аударды. Оның айтуынша, жолда шұңқырлар пайда болған кезде жүргізушілер көлігін бүлдіріп алмау үшін көбіне жолдың жиегімен жүруді жөн көреді.
"Жергілікті атқарушы органдардың асфальт жолдарды тиісті деңгейде күтіп-ұстауға жеткілікті бюджеті жоқ", – деді Нұрлан Сауранбаев.
Министрдің айтуынша, жаңа бағдарлама аясында елді мекендерге апаратын жолдар мәселесін қиыршықтас жолдар салу арқылы толық шешу жоспарланып отыр. Қазір құжат дайын, тек мақұлдауды күтіп отырған көрінеді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда автожолдарға бірыңғай жөндеу мерзімдері енгізілетіні туралы жазған едік.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты