Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы 2029 жылы басталмақ

Фото: freepik.com

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясын салуға дайындық қалай жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сәтқалиевтің айтуынша, қазір жоба алғашқы құрылымдық бетон құюға дайындалып жатыр. Дегенмен, бұл ұзақ процесс, кең ауқымды инженерлік зерттеулерді қажет етеді дейді.


АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар Семей аумағына көміледі


АЭС құрылысы: "Росатом" Үлкен ауылында алдын ала жұмыстарды бастады


“Құрылыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету және талаптардың сақталуын қадағалау үшін бірнеше жыл керек болуы мүмкін. Ядролық инженерлер мұны “алғашқы бетон” деп атайды. Мұны тек жобалық зерттеулер ғана айта алады. Көп нәрсе жабдық пен жобалау жұмыстарына байланысты. Біз ресейлік жоба үшін 2029 жылға мақсат қойып отырмыз”, – деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС "Балқаш" деп аталатынын жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 21 Қараша, 2025 12:37
Талқылау