Қазақстанда атеистердің сенімін қорлағандарға айыппұл салынуы мүмкін
Депутаттар әкімшілік кодеске атеистердің сенімін қорлағандарға айыппұл салу бабын қосуды құптады. ҚР Дін істер министрлігі заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынды.
Қылмыстық және әкімшілік кодексте «дінге деген сенімін қорлағандарға» қатысты бап бар. Бірақ онда атеистер туралы айтылмаған еді. Енді атеистердің сенімін қорлағандарға ірі көлемде айыппұл салынбақшы: жеке тұлғларға – 120 мың, зңды тұлғаларға – 481 мың теңге.
«Бұл азаматтың жеке құқығы. Сену, сенбеу өз еркінде. Және ешкім оның таңдауын қорлауға құқығы жоқ», – дейді вице министр Берік Арынов.
Ақпанда Қаазақстандағы бірнеше мектепте оқушылардың орамалмен сабааққа келуіне тыйым салды. Соттың шешімі бойынша, заңда орамал тағу мектеп формасына кірмейді. Балалаарын орамалмен мектепке жіьерген ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін.
Тағы оқыңыз:
Еліміздегі рақымшылық тек шенеуніктерге арналған ба?
Кабулда қаза тапқан қазақ жігітінің ата-анасын алдаған алаяқ ұсталды
Өскемендік әйел өзіне жақсылық жасаған басшысының үйін тонап кеткен