Қазақстанда әскери міндетін өтеген сарбаздар емтихансыз грант алу мүмкіндігінен қағылды
Қазақстанда енді әскери міндетін өтеген сарбаздарға жоғары оқу орындарынан білім гранттары жаңа ереже бойынша беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: khabar.kz
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай үміткерлер екі негізгі пән бойынша тестілеуден өтуі керек. Сонымен қатар талапкер бірінші оқу жылында шәкіртақы мен жатақханадан орын алады. Биыл өткен жылдың күзінде әскерге шақырылған сарбаздар бір жарым мың грант алды.
“Бүгін біз 2023-2024 жылдары әскери борышын өтеген әскери қызметкерлерге еліміздегі жоғары оқу орындарында білім алу туралы куәліктерді кезекті таратуды жүзеге асырдық. Өткен жылдың күзінде әскерге шақырылып, әскери борышын өтеп үлгерген жігіттерге арнайы жеңілдік болады. Сондықтан биыл білім грантын үлестіруге қатысуға ниет білдірушілер өткен жылмен салыстырғанда көбірек болды", – деді Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева.
Бұл жолы конкурсқа әскери борышын өтеген 18 мыңға жуық жас қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әскерге шақырылғандарды мемлекет есебінен сақтандыру ұсынылған еді.