Қазақстанда әскерге шақырылушылардың суицидке бейімділігін тексереді
Мәжіліс кулуарында әскердегі суицид тақырыбы көтерілді. Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов әскерге шақырылушының цифрлы кескіні жүйесі жасақталып жатқанын айтып берді. Тұяқовтың пікірінше, бұл жұмысты әр аймақта әкімдіктер атқаруы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, қорғаныс министрлігі әскерге енді шақырылатын азаматтардың суицидке бейімділігін тексереді.
"Қазір біз шақырылушының цифрлы кескінін әзірлеп жатырмыз. Ол жерде шақырылушының қандай спортпен айналысатыны, қай бағытта жұмыс істейтіні жазылады. Сондай-ақ, суицидке бейімділігіне баға беріледі. Жергілікті атқарушы органдар мұны ерте сатыда анықтап, қарулы күштерге хабар беруі керек. Сол кезде бізде суицид пен балалардың әскерге дайындықсыз келуі туралы сұрақ болмайды", - деді министрдің орынбасары.
- "Баламды қайтарыңдар!": Қызылордалық әйел ұлын көшеден ұстап алып, күштеп әскерге алып кеткендерге ашулы
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады