Қазақстанда әскерге шақырылушылар енді онлайн өтініш беріп, әскери бөлімді таңдай алады
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларға арналған жаңа MyArmy.kz порталын іске қосты. Енді бұрын әскери комиссариатқа барып қана жасалатын көптеген қызмет онлайн қолжетімді болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азаматтар мерзімді немесе келісімшарттық қызметке өтуге өтініш бере алады, жиі қойылатын сұрақтармен таныса алады, жаңалықтар мен материалдарға қол жеткізе алады, сондай-ақ кері байланыс формаларын пайдалана алады.
Порталды құру рәсімдерді жеңілдетуге және шақыру комиссиялары жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған. Тіркеу мен құжаттарды рәсімдеу онлайн форматқа ауыстырылып, бюрократияны азайтуға және адами факторды төмендетуге мүмкіндік береді.
Кандидат мерзімді әскери қызмет шарттарымен танысқаннан кейін сайттағы үлгіге сәйкес өтініш береді. Өтініш үш кезеңнен өтеді:
• Құрылды
• Өңделіп жатыр
• Мақұлданды/қабылданбады.
"Құрылды" мәртебесі – өтініш жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) қабылданып, тексеру шаралары жүргізіліп жатқанын білдіреді.
"Өңделіп жатыр" мәртебесі – тексеру аяқталғанын және үміткердің тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариатқа медициналық комиссиядан өту үшін келуі керектігін көрсетеді. Бұл кезеңді жеделдету үшін кандидатқа қажетті талдамалар мен анықтамалардың тізімі ұсынылады.
Медициналық комиссиядан және кандидаттың жеке қасиеттерін зерделеуден өткеннен кейін өтініштің мәртебесі "мақұлданды" немесе "қабылданбады" болып өзгереді.
MyArmy.kz порталы SARBAZ+ пилоттық жобасы аясында іске асырылып отыр және қорғаныс министрлігінің қарулы күштерді цифрландыру жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып саналады. Қазіргі уақытта SARBAZ+ жобасы Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатыр. Кандидаттарды іріктеу Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жүргізіліп жатыр. Сынақтан сәтті өткеннен кейін жоба қарулы күштердің басқа әскери бөлімдерінде енгізілмек.
Порталдың пайда болуы қызмет жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ әскерге шақырылушыларға жаңа әлеуметтік және білім беру мүмкіндіктерін енгізуге бағытталған. Бұл бастамалар Қарулы Күштерді жаңғыртуға және қорғаныс ведомствосы жұмысының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жақын болашақта MyArmy.kz азаматтардың әскермен өзара әрекеттесуін қолжетімді, түсінікті және ыңғайлы ететін заманауи цифрлық құралға айналады. Бұдан бөлек, әскерге шақырылушылар бұрын алған мамандығына және әскери дағдыларды азаматтық салада қолдану мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өздері қалаған әскери бөлімді таңдауға мүмкіндік алады.
Арыстағы әскери базаға әлдекімдер заңсыз кіріп, металл ұрламақ болған
Жетісу облысында сарбаз оққа ұшып, көз жұмды
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда енді әскерге шақырылғандарды көшеден күштеп алып кетпейтінін жазған едік. Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-мобилизациялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаевтың айтуынша, әскерге күштеп алып кету конституциялық құқықтарды бұзу болып есептеледі.

"Отаға 33 миллион теңге қажет": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлер кесар тілігін жасап, қуығын тесіп жіберді деп айыптады
