Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда анықтамаларды смс арқылы беретін болды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2018 жылы мемлекеттің қызметкерлер мен жеке ұйымдарға анықтамаларды электронды түрде жіберу қызметін қосады.

Фото: Орталық коммуникация қызметі

«Электронды анықтама жіберу жыл сайын 21,5 млн анықтаманы аз шығаруға мүмкіндік береді. Үшінші тараптың сұранысы арқылы азаматтар өз мәліметіне мүмкіндік ала алады. Ол үшін хабарлама арқылы электронды анықтама алуға рұқсат берілу керек. Осылайша 3 млн адам ХҚКО-на бармай-ақ жұмысын жеңілдете алады», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері азаматтаратына 1,3 млн анықтама алынған. Олардың ішінде сотталмағаны туралы да анықтамала бар. Азаматтар көбіне анықтаманы жұмысқа орналасу үшін алады.

10 ай ішінде қазақстандықтар 13 млн паспорт пен жеке куәлік ауыстырған. Мемлекеттік тіркеу мен көлік құралдарын есепке алу жөнінде 1,2 млн анықтама берілген. Сонымен қатар 314 мың жүргізуші куәлігі берілген.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда балаларды зорлау оқиғасы: Балабақша директорына сот үкімі шықты

Ислам рұқсат береді: Тәуекел Мүсілім тоқал алуға қатысты пікір білдірді

Әбілхан Қастеевтің немересі Open Eurasia байқауында ІІ орын алды

Талқылау