Қазақстанда Аналар күні аталып өтіп жатыр
Фото: pixabay.com
Мамырдың екінші жексенбісінде Қазақстанда Аналар күні аталып өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысына сәйкес бұл мерекенің датасы қыркүйектен мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылған.
"Аналар күні мен Әкелер күні көптеген елде атап өтілетін ресми мерекелер. Олар отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиені арттыру мақсатында біздің елімізде де бекітілді", – делінген 2023 жылғы үкімет хабарламасында.
Аналар күні бүкіл халыққа ортақ мереке. Бұл күн тек баланы дүниеге әкеліп, өсірген әйелдерге ғана емес, өмірін анасына қарыздар әрбір жанға қатысты.
Айта кетейік, Қазақстанда Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
“Қызметші емес”: Балабақшадағы қыздарға арналған ережелер тізімі желіде наразылық тудырды
Депутат Қазақстанда үйлену тойын өткізу үшін несие беруге тыйым салуды ұсынды
Еске салайық, бұған дейін 9 мамыр күні Қазақстан президенті отандастарын Жеңіс күнімен құттықтады.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
