Қазақстанда алтын бағасы тарихи рекорд орнатты
Фото: belmarket.by
Қазақстанда алтынның бір граммының бағасы 68 611 теңге 36 тиынға жетіп, бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге көтерілді. Бұл соңғы бір жыл ішіндегі 70%-дық өсім. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дегенмен сарапшылардың айтуынша, бағалы металлдың қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі арасында тікелей байланыс жоқ. Олардың пікірінше, алтын бағасының көтерілуі әлемдік үрдіс. Әсіресе, саяси және экономикалық тұрақсыздық кезеңінде баға жиі құбылады, себебі инвесторлар өз активтерін қорғауға тырысады.
Қазір отандық банктер 5 граммдық алтын құймасын шамамен 343 мың теңгеден сатып жатыр. Ал Investing.com мәліметінше, халықаралық биржада алтынның 31 грамы (бір унциясы) 3 922 долларды құрайды. Бұл ұлттық валютада шамамен 2 миллион 154 мың теңге.
Сарапшылар азаматтарға алтынды сатып алу немесе сату туралы шешім қабылдар алдында мұқият ойлануға кеңес береді. Себебі нарықтағы жағдай тұрақсыз, сәйкесінше бағалы металлдың құны төмендеуі де мүмкін.
Ұлттық банк қыркүйекте теңгенің қаншалықты әлсірегенін мәлімдеді
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында әйел 13,5 миллион теңгелік алтынды жыныс мүшесіне салып өтпек болған
Еске салайық, бұған дейін алтын бағасы соңғы төрт айдағы ең жоғары деңгейге көтеріліп, унциясына 1 873 295 теңге болды. Бағаның өсуіне инвесторлардың АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетеді деген болжамы әсер етті. Бұл алтын мен күміске сұранысты арттырды. Күміс те 2011 жылдан бері алғаш рет унциясына 21 500 теңгеден асып, тарихи көрсеткішке жетті. Сарапшылардың айтуынша, баға өсіміне инфляция, тұтынушылық сенімнің төмендеуі және ФРЖ-ның болашақ саясатына қатысты белгісіздік себеп болып отыр.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
