Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет денені тілмей өңеш обырына ота жасалды

Семейде алғаш рет заманауи қондырғының көмегімен Қазақстанда жасалмаған ота жасалды. Жаңа әдісті пайдаланған дәрігерлер денені тілмей өңеш обырына ота жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда алғаш рет денені тілмей өңеш обырына ота жасалды

Осындай ота Қазақстанда алғаш жасалып тұр. Семейлік хирургтар эндовидео құрылғысымен бірге қолданылатын лапароскопияның заманауи әдісін қолданды. Бұрын дәрігерлер ісікті жою үшін, денені тілетін. Ал бұл ота кішкентай үш тесік арқылы науқастың денесін кеспей жүзеге асырылды.

«Біз Қазақстанда алғаш болып өңешке ота жасадық. Мұндай ота барлық жерде жасалады, бірақ ол ашық әдіспен орындалады. Ал біз бұл отаны асқазанды кеспестен лапароскопиялық жолмен жасадық. Мұндай әдіс науқастардың жылдам сауығуына мүмкіндік береді»,- дейді облыстық онкологиялық диспансердің хирург дәрігері Елдос Смайылов.

Оқи отырыңыз:

Білім министрлігі мектеп бағдарламасын жеңілдетпекші

Сағадиев: 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ерте жіберулеріңізді сұраймыз

Медицина университеті студенттерінің IELTS сертификаттарының жалған екенін қалай білген

Батутқа тыйым салынсын: Астанада ата-аналар көшеге аттракцион орнатуға ресми түрде тыйым салуды сұрады

Талқылау