Қазақстанда әлеуметтік көмек алатындарға азық-түлік сатып алу үшін ваучерлер беріледі

Фото: freepik.com
Қазақстанда мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін беру пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба Көкшетау, Ақкөл (Ақмола облысы) және Павлодар қалаларында жүзеге асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекеттік технологиялар институты, Цифрлық даму министрлігі, Еңбек министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп "әлеуметтік әмиян" арқылы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін беру пилоттық жобасын іске асыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара әрекетін реттейтін бұйрыққа қол қойды. Онда:
“Көкшетау, Ақкөл (Ақмола облысы) және Павлодар қалаларында халыққа немонетарлық мемлекеттік қолдау шаралары аясында “әлеуметтік әмиян” арқылы “Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін беру “қызметінің пилоттық жобасын іске асыру”, – делінген құжатта.
Сонымен қатар пилоттық жобаны жүзеге асыру алгоритмі бекітілген. Ваучерлер әлеуметтік көмек алушы отбасының әр мүшесіне беріледі. Яғни мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алуға мұқтаж деп танылған отбасы мүшелеріне.
-
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
-
2026 жылы қоғамдық тамақтану орындарында баға қалай өзгермек
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері алушыға арзандатылған бағамен беріледі. Ваучерді белсендіру қызмет алушының өзі тарапынан ай сайын, айдың соңына дейін жүзеге асырылады. Қызметті алу келісімін растау шартымен жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін ваучерді белсендіру мүмкін болмайды. Ал белсендіру жүргізілмеген ваучерлер сол айдың соңында күшін жоғалтады.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді