Қазақстанда әлеуметтік көмек алатындарды тексереді
Фото: Stan.kz
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға үміткерлердің тексеруден өтетіндерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жәрдемақыға үміткерлерді тексеріп, алдағы уақытта көмек алушылар саны қысқарған жағдайда төлемдерді көбейтуе болады.
“2026 жылғы бюджетте әлеуметтік салаға 10,5 триллион теңге қарастырылғанын, бұл төлемдер мен жәрдемақыларды 10%-ға көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік көмек тек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілуі тиіс. Өздеріңіз көріп отырсыздар, әлеуметтік көмек қазір тексеріліп жатыр. Ол шынымен де атаулы болу керек, аз адамдарға ғана беріледі. Олардың ішінде кейбіреулері түрлі заңсыз әрекеттерге барады. Кейде жалған мәмілелер жасайды, кейде жалған ажырасулар рәсімдейді. Мұндай жағдайлар көп. Сондықтан қазір еңбек министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі цифрландыру арқылы мұндай фактілерді анықтап, осы адамдарға берілетін төлемдерді қысқартады”, — деді Ержан Біржанов.
Вице-министрдің айтуынша, осылайша әлеуметтік көмек шынымен зәру адамдарға жетеді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған