Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы төрт жылда жаңа теміржолдар салынып, ескілері жаңартылады

Фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жол жаңғыртылып, жаңа 5 мың шақырым темір жол салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент мұндай жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның темір жолдары арқылы өтетін жүк көлемін ұлғайтуға мүмкіндік болатынын алға тартты. 

“Жоспарға сәйкес, 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жол жаңғыртылып, жаңа 5 мың шақырым темір жол салынбақ. Биыл "Достық – Мойынты" учаскесінде жалпы ұзындығы 830 шақырым болатын темір жол іске қосылады. Жоспарланған мерзімінен екі жыл бұрын пайдалануға берілген стратегиялық маңызды бағыт өткізу қабілетін бес есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ "Дарбаза – Мақтаарал", "Мойынты – Қызылжар", "Алтынкөл – Жетіген" секілді бірқатар дәліздерді кеңейтуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар автожол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Былтыр "Талдықорған – Өскемен", "Қарағанды – Алматы" және "Ақтөбе – Атырау – Астрахан" сияқты үш халықаралық ірі автожол қолданысқа берілді. Осылайша, еліміздегі халықаралық автокөлік дәлізі 1600 шақырымға артты. Бұл 2023 жылы ел игілігіне берілген жолдардан екі есе көп. Биыл Қазақстан бойынша 13 мың шақырымнан астам автожол салынып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі”, – деді президент.



Президент сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа халықаралық терминалдар ашылып, олардың өткізу қабілеті алты есе ұлғайғанын алға тартты.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 14:31
Талқылау