Қазақстанда алдағы күндері күн суытады
12-14 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Алдағы екі күн ауа температурасы төмендейді.
Республика бойынша ауқымды антициклон байқалады деген болжам бар. Негізінен жауын-шашын болмаса да, солтүстіктен келген суық ағын ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Осыған байланысты күн салқындайды.
Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктер әсерінен жаңбыр жауып, түнгі уақытта ол қарға айналуы мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер елде жауын-шашын тоқтайтынын айтты.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"