Қазақстанда алдағы күндері коронавирустың асқынған кезеңі басталады деп болжанды
Қазақстанда індеттің шырқау шыңы жақындап келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, соңғы төрт күнде елімізде коронавирустың жаңа жағдайларының өсуі бәсеңдеген. Бұл қатаң карантиндік шараларды енгізудің тиімділігін растайтыны атап өтілді.
Осылайша, 4 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда вирустың өсу қарқыны 8,4 пайыздан 0,9 пайызға, Алматыда 15 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендеді. Осы аптаның басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 6 жағдай тіркелді.
«Бірақ елдегі індеттің ең жоғарғы кезеңі әлі өткен жоқ. Нұр-Сұлтан мен Алматыда айтарлықтай баяулау байқалды, бірақ басқа аймақтарда эпидемияның дамып жатқан жағдайлары бар. Біз еліміздің бүкіл аумағында алдағы 1-2 аптада індет асқынады деп болжам отырмыз», - деді ол.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан