Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда “PIN-UP” және “PINCO” онлайн-казино бизнесін ұйымдастырған екі шетелдкке іздеу жарияланды

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияландыФото: Видеодан скрин

Қазақстанның қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ азаматы мен Украина азаматына іздеу жариялады. Шетелдіктерге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дмитры Дружинскы – 1970 жылғы 27 маусымда туған, Америка Құрама Штаттарының азаматы;

Марина Левкович (Гинзбург) – 1985 жылғы 8 қарашада туған, Украина азаматы.

Аталған тұлғаларға қатысты соттың санкциясымен сырттай “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында “PIN-UP” және “PINCO” брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен, үлестес компаниялар желісі арқылы ұйымдастырған адамдар басқарғаны белгілі болды.

“Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекеттесумен, сондай-ақ ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен төлем инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуіне қатысқан. Заңсыз қызметті бүркемелеу мақсатында “PIN-UP.KZ” брендімен букмекерлік қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған "Бонами" ЖШС заңды тұлғасы құрылған. Қаржылық сүйемелдеу үшін онлайн-казиноның төлем агрегаторлары функцияларын атқарған “Gold Pay” ЖШС және “Cyber Pay” ЖШС (кейіннен — “Pinnacle Financial Solutions” ЖШС) қоса алғанда, төлем ұйымдарының желісі тіркелді”, – деп мәлімдеді Қазақстанның қаржылық мониторинг агенттігі.

Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін электрондық ақша операцияларына лицензиясы бар үлестес компаниялар арқылы криптовалютаға айырбасталған.

Агенттігік іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі телефондар арқылы хабарлауды сұрады.

+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 12:00