Қазақстанда АҚШ әскери базасы құрыла ма: Елшілік жауап берді
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Каспий теңізінде АҚШ әскери-теңіз күшінің қолданылуына қатысты ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ондағылар Қазақстанда америкалық әскери базалардың ашылуы туралы ақпар жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ғаламторда және БАҚ беттерінде мұндай жалған ақпараттың пайда болуына 2010 жылдың 20 маусымында Қазақстан-Америка арасындағы екіжақты келісімге өзгерістер енгізілгені туралы хаттама себеп болды.
“Жалпы бұл құжатта Ауғанстандағы жағдайды реттеуге жәрдемдесуге халықаралық қауымдастықтың қосатын үлесі туралы айталады. Бұған дейін Ресей АҚШ-пен осындай келісімге қол қойып, арнайы жүктерді жеткізу ісіне қатысты”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, сәуір айында Қазақстан парламенті Ауғанстандағы жағдайды бірқалыпқа келтіру ісі бойынша, АҚШ-тың қатысуымен Қазақстан аумағынан коммерциялық транзит арнайы жүгін қамтамасыз ету бойынша заң жобасын мақұлдаған болатын.
Тағы оқыңыз:
Қазақстан әнұранын баянның сүйемелдеуімен орындаған Нидерланды елшісі жұртты сүйсінтті (видео)
Сәтті тұрмысқа шығу үшін, қайда оқу керек: Сағадиев жауап берді
Білім министрлігі ауыл мен қала мектептерін теңестіру үшін 67 миллион доллар қарыз алмақ