Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі ауыл мен қала мектептерін теңестіру үшін 67 миллион доллар қарыз алмақ

Елімізге Дүниежүлік банк 67 миллион доллар беруге дайын. Үкімет несиені 17 жылда қайтаруы тиіс. Ал бюджетте  өңірлердегі оқу орындарын заманауи құрал-жабдықпен қамтуға ақша жоқ дейді депутаттар. Ерлан Сағадиев бұл ақшаға еліміздегі 5 жарым мыңға жуық мектепті заманауи құрал-жабдықпен қамтимын деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Білім министрлігі ауыл мен қала мектептерін теңестіру үшін 67 миллион доллар қарыз алмақ

«Қарыз  67 миллион доллар. Және салық төлеу үшін республикалық бюджеттен 8 миллион доллар қаржыландыру қарастырылған. Қарызды өтеу мерзімі 17 жыл. Оның ішінде 5 жарым жылда босатылған төлеуден. Мақсаты –орта білім беру жүйесін сапасын көтеру», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Яғни, ауыл мен қаланың мектептерін техника жағынан  теңестірмекші. Мультимедиалық жабдықтар: компьютер, интерактивті тақталар орнатпақ. Оған 16 миллион доллар қажет екен. Және көзі нашар көретін балалардың өзге оқушылармен бірге білім алуына жағдай жасаймыз деп отыр бас ұстаз.

Қайта-қайта қарызға бату аса жақсы емес деп, қарсы шыққан бір-екі депутат болды. Білім саласына онсыз да қазынадан аз ақша бөлініп жатқан жоқ дейді мәжілісмендер. Мәселен, биылғы бюджеттен білім беру ісін  дамытуға 189 миллиард теңге қаралған. Дегенмен, депутаттар Дүнижүзілік банктен несие алуға ақыры келісім берді.

«Жабдықтар алу. Ол енді шынында да керек нәрсе. Себебі, бюджеттен беріліп жатқан қаражаттан оған бөлуге қазір жағдай жоқ. Сол себептен оысндай қарыз алып отыр. Ауылдағы мектептердің олардың жабдықталғанын қаламен салыстыра алмайсың ғой», – дейді Мәжіліс депутаты Майра Айсина.

Сондай-ақ, еліміздегі жоғары оқу орындарындағы ақылы білім берудің жылдық құны өзгеруі мүмкін. Білім министрі университеттер  бағаны өздері  белгілесін деп отыр.

Ал қазір жоғары оқу орындарының ақылы білім беру бөлімдерінде баға  мемлекеттік гарнттантың құнынан қымбат, не арзан болмау керек деген талап бар екен. Министрлік заңнан осы норманы алып тастамақ.

Оқи отырыңыз:

Сағадиев медициналық университеттен қуылған 117 студент жайлы пікір білдірді

Білім министрлігінің басшысы ең қажетті мамандықтарды атады

2018 жылы Қазақстандағы жоғары білім қалай өзгереді

ҰБТ тапсыруда 2018 жылы қандай өзгерістер болады?

Талқылау