Қазақстанда әкімдер қайтарылған барлық жерді келесі жылдың ортасына дейін қолданысқа беруге тиіс
Фото: Аvito.ru
Президент кезекті Халыққа жолдауында жер қойнауының заманауи картасын жасау керек екенін және әкімдер қайтарылған барлық жерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуге тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді.
"Мұндай қадамдар кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады", – деді мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек ол ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, әкімдер қайтарылған барлық жерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізуге тиісті деді президент Тоқаев.
Жер иесіз қалмауы керек. Жерді оның қадірін білетін адамға ғана беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 млн гектарын ғана жер игеруге берілген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы керек. Бұл – анық нәрсе. Сондықтан әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы да шешілуі керек. Ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс", – деді президент Жолдауда.
Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет.
Бұдан бөлек жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек деді мемлекет басшысы.
"Жалпы, жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай, жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет. Бұл салада цифрлық технологияларды кеңінен қолдану айрықша маңызды. Қазірдің өзінде космомониторинг және геоталдау жүйесі пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оның бәрін қайтаруға септігін тигізіп жатыр. Жұмысты жалғастыру қажет. Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек. Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді-дақылдардың жай-күйіне және қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс. Бұл – орман шаруашылығына да қатысты мәселе. Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектар орманның иесіз жатқаны анықталды”, – деді Тоқаев.
Депутат сирек кездесетін металдардың Қазақстаннан заңсыз шығарылып жатқанын айтып, дабыл қақты
Алматылықтардың шағымынан кейін қала орталығындағы 40 қабатты ғимараттың құрылысы тоқтатылды
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда сирек жер металдарының 11 кен орны анықталды. Литий, неодим секілді 17 элемент табылған. Егер болжам расталса, ел әлемдегі ірі қорлардың ондығына енеді. Бұл металдар турбиналар, электромобильдер, чиптер өндірісінде қолданылады. Жауапты министрлік салада кадр, қаржыландыру және бағдарламаларды орындауда қиындықтар барын да айтты.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
