Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар АИ-92 бензині мен автогаз қымбаттауына шағым түсіре алатын жедел желі ашылды

бензин аи 92Фото: topresursy.ru

Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаз тапшылығына шағым қабылдайтын жедел желі ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, егер жүргізушілер бағаның негізсіз өсуін немесе жанармайдың болмауын байқаса, (+7 701 855 02 48) нөміріне хабарласа алады.

"Әрбір шағым мұқият қаралады. Егер бұзушылықтар анықталса, нарықтағы адал емес ойыншыларға шара қолданылады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Министрлік агенттікпен және өңірлік штабтармен бірлесіп, жасанды тапшылық пен алыпсатарлық әрекеттердің алдын алу бойынша қатаң бақылау жүргізетінін атап өтті.

Сонымен қатар, ведомство аймақтарға қажетті бензин мен дизель отыны толық көлемде жеткізілгенін, сондықтан тапшылыққа объективті себеп жоқ екенін хабарлады. Ал сұйытылған газ бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлерге қосымша көлем бөлінген.

Министрлік өкілдері атап өткендей, кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жергілікті деңгейдегі логистика мен үлестіру мәселелеріне байланысты, жүйелік тапшылық жоқ.


Қазақстанда дизель отыны мен бензин тапшылығы бола ма: Энергетика министрлігі жауап берді


АИ-95 бензинін пайдалану қытайлық көлік брендтері үшін кепілдікті сақтаудың міндетті шартына айналуы мүмкін – Автосарапшы


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель бағасы бекітілгенін жазған едік. Қазір ірі жанармай құю бекеттеріндегі баға диапазоны АИ-92 маркалы бензиннің литріне 213 теңгеден 239 теңгеге дейін, дизельдік отынның литріне 317 теңгеден 337 теңгеге дейін.

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 11:09
Талқылау