Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы 157 теңгеге дейін қымбаттағалы жатыр
Қазақстанның жанармай бекеттерінде бензин бағасы Ресейдің көтерме бағалары мен үстеме шығындарға тәуелді.
Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне 157 теңгеге дейін өсуі мүмкін, деп мәлімдеді “ҚазМұнайГаз Өнімдері” операциялық басқармасының бас директоры Нұркен Мырзағалиев, деп хабарлайды Sputnik.
“Баға көтерме тасымалының бағасына тәуелді, бағаның өзі Ресейдегі баға есебінен анықталып, өзіндік құнына қосылады. Яғни көтерме бағаға біздің үстеме шығындар – тасымалдау, сақтау және ең төмен маржа қосылады. Сол бағада сатамыз. Болашақтағы импортты ескере отырып, болжайтын болсақ, 92-бензиннің литрі 155-157 теңге тұратын болды”, — деді Мырзағалиев.
Ол Қазақстанның кей өңірлерінде бензин талонмен сатылатынын айтып өтті.
Қазақстандық жанармай бекеттеріндегі АИ-92 маркалы бензиннің бағасының бір литрі 151 теңге болды.
Астанадағы “Газпромнефть” жанармай бекетіндегі АИ-95 маркалы бензиннің бағасы — 164 теңге, АИ-92 –151 теңге, дизелді отынның бағасы — 150 теңге.
“Аурика” жанармай бекетінде АИ-95 бензині — 169 теңге, АИ-92 —151, дизелді отын – 159 теңге болды.
Ресми ақпараттарға сәйкес, “Royal Petrol” жанармай бекетінде АИ-98 маркалы бензиннің бағасы — 170 теңге, АИ-95 – 164 теңге, АИ-92 – 150 теңге, дизелді отын – 148 теңге, автогаз – 72 теңге болды.
Helios ресми сайтының мәліметтеріне сәйкес, бензиннің бағасы АИ-95 — 164 теңге, АИ-92 – 150 теңге, дизелді отын — 151 теңге болды.
“Қазмұнайгаз өнімдері” мәліметтері бойынша, АИ-95 160 теңге, АИ-92 – 147 теңге, дизотын – 146 теңгені құрайды.
Тағы да оқыңыз:
Балаларына 30 мың теңгеге кітап алуға мәжбүр болған ата-аналар наразы
Ислам дінін алғаш болып мойындап, қажылыққа барған ағылшын ақсүйегі жайында не білеміз?
Ақтауда 9-қабаттан секірген қызды құтқарған азамат оқиғаның қалай болғанын айтты