Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда адамдарды рұқсатсыз пранкке түсіруге тыйым салынбақ

пранкке тыйым салынады

Фото: freepik.com

Мәдениет министрі Аида Балаева елімізде адамдарды рұқсатсыз пранкке түсіруге тыйым салуды енгізу ұсынылып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министр мәселе пранктер мен жасырын түсірілімдерге қатысты екенін түсіндірді. Айтуынша, азаматтар осыған жиі шағымданып жүр. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, кімді, қашан және қандай жағдайда түсіруге болатынын анықтауы керек.

Журналистер "мұндай дауларды соттар да шеше алады" дегенде, Балаева халықтан әлі де көп шағым түсіп жатқанын айтты.



“"Біз ештеңені толықтай тыйғымыз келмейді. Біз тек адамдарды рұқсатсыз, әр жерде түсіретін жағдайларды шектеуді қалаймыз. Мемлекеттік қызметкерлерді, өз міндеттерін атқаратын лауазымды тұлғаларды түсіру қалыпты, онымен бәріміз үйрендік. Ал кейбір пранк видеолар немесе рұқсатсыз жасалатын жеке түсірілімдер бар. Сондықтан осы ережені біз міндетті түрде талқылаймыз, себебі жұмыс тобы енді құрылып жатыр. Егер қаласаңыздар, мен бәріңізді осы жұмыс тобына қосып, түсірудің шекараларын: кімді түсіруге болады, кімді болмайды, қалай түсіру керектігін бірге анықтай аламыз", – деді министр Аида Балаева. 

 

 

Журналистер бұл норманы шенеуніктерді қорғау үшін қабылдамақ деп сынады. Алайда Балаева шенеуніктердің жеке өмірі қалмағанын айтып, мәселе шенеуніктерде емес, жалпы тәртіпте екенін жеткізді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 11:13
Талқылау