Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 3D принтерлер шығарылмақшы

3D принтердің жобалық нұсқасын қазақстандық мамандар осы жылдың ортасына дейін шығарып үлгермекші. Бұл туралы  облыс әкімі Ерік Сұлтанов хабарлады. Оның сөзінше зауыттар жаңа жағдайда жұмыс істеуге әзір.Бүгінде  инновациялық өнімді шығаруды солтүстік кәсіпкерлері қолға алып үлгерген.

принтер

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Киров атындағы зауыт қазірдің өзінде  5-ші  санаттағы пернетақталарды шығарып жатыр екен. Енді осы кәсіпорын білім беру мекемелері үшін 3D принтерлерді жасап шығармақшы. 3D принтер суретті  үш түрлі өлшемде  көрсете алады. Онда жазба да үш өлшем бойынша түседі.

Есте болса, президент өз жолдауында  жыл сайын экономиканы технологиялық  модернизациялауды  жеделдететін техника жасауды қолға алу жайлы айтатын.

« Біз сандық технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияны дамытуды қолға алуымыз керек. Бұл маңызды кешендік тапсырма. 3D принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, сандық қызмет, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы осындай қажеттіліктерді өтеуді қолға алуымыз керек. Мұндай заманауи технология дамыған елдердің табиғи байлықтарын пайдаланудағы экономикалық қатынастарын күшейтіп, үлкен олжаларға жеткізіп отыр»,-дейді президент өз жолдауында.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте ТМД-да баламасы жоқ жаңа зауыт іске қосылды

2017 жылы шығатын таңғаларлық 5 технология

Ләйлә Сұлтанқызы шын мәнінде қалай арықтайтынын көрсетті (видео)

Талқылау