Қазақстанда 3 тілді жетік меңгерген мұғалімдердің жалақысы артпақ
Елімізде грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Республика бойынша тегін білім алуға 64 мыңға жуық түлектен өтініш келіп түскен екен.
Оларға тек 40 мың грант бөлінген. Сондықтан жоғарғы оқу орындарында тегін білім алуға талас қызу болғаны сөзсіз, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Негізі, биыл мемлекеттен бөлінген грант көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 6 мыңға көп. Ал ұлттық біріңғай тестілеуден сүрінген оқушылар, қайта сынақтан өтіп, бақтарын сынай алады.
«Гранттар белгілі мамандық бойынша, ұлттық біріңғай тестілеуде алған балдық сертификат сынды ерекшеліктер бойынша конкурстық жүйе негізінде тағайындалды. Өткен жылдағыдай, әрине, «Алтын белгі» иегерлеріне, техникалық мекемелерді бітірген тәлімгерлерге басымдық берілді», – деді Мемлекеттік грант тағайындау комиссиясының мүшесі Гүлжамал Жапарова.
Сонымен қатар, биыл алғашқы қоңырау «Құрбан айт» мерекесіне орай 2 қыркүйекке шегерілді. Астанада мектеп табалдырығын 23 мыңға жуық бүлдіршін аттамақ. Ұстаздар үшін де жағымды жаңалық. Алдағы уақытта 3 тілді жетік меңгерген мұғалімнің жалақысы 200 пайызға артуы мүмкін. Яғни, базалық 17 мың теңге еңбекақының үстіне қосымша 35 мың теңге үлестіріледі.
Тағы да оқыңыз:
Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы көбейеді
Алматыда келесі аптада жер сілкінісі қайталануы мүмкін