Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 3 ай жұмыс істемеген азаматтарды бақылау жүйесі енгізіледі

Фото: tgu-dpo.ru

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін МӘМС жүйесіне деректер беру тәртібі өзгеріп, 3 ай бойы жұмыс істемеген азаматтарды бақылау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректер қазақстандықтармен қатар шетел азаматтары мен ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары және олардың отбасыларына қатысты да беріледі. Категориялар тізіміне тіркелген жұмыссыздар, мүгедек баланы бағып отырған ата-аналар, І топтағы мүгедектерге күтім жасайтын тұлғалар, зейнеткерлер мен ардагерлер кіреді.

Жұмыс істемейтін азаматтар туралы мәліметтерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Отбасының цифрлық картасы", "Еңбек нарығы", "Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры" және "Төлемдерді өңдеу ұйымы" жүйелері арқылы жинайды.

Айта кетсек, 2026 жылдан бастап барлық азаматтарға қолжетімді бірыңғай базалық медициналық көмек пакеті енгізіледі. Билік МӘМС жүйесімен тағы 1 миллион адамды жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтарды қамтуды жоспарлап отыр. Қазір 3 миллион азамат МӘМС жүйесіне кірмеген.


604 963 теңге: Қазақстанда орташа жалақы өседі деп болжанып отыр


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екі немесе одан да көп жерде жұмыс істеуге тыйым салынатынын жазған едік. Бірнеше жерде тұрақты жұмыс істейтіндер анықталса, бұл жағдайлар еңбек инспекциясына хабарланады. Қазір бақылау негізінен мемлекеттік органдарға бағытталған. Заңға сәйкес, бірнеше лауазым бойынша толық жұмыс күнімен жұмыс істеу еңбек кодексіне қайшы келеді, ал азаматтардың жеке деректері заңға сәйкес қорғалады.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 15:33
Талқылау